Тоқаев: Алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым, - деп атап өтті Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Президентті салтанатты ұлықтау рәсімінде.
Сонымен қатар Президент өзі билік жүргізетін алдағы жеті жылды халқымен бірге абыроймен атқарып шығуға сенетінін айтты.
Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын! Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.