Бүгiн 2026, 19:18 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев Африкадағы маңызды серіктес елдің Президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасын ұлттық мерекесімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент еліміз Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Конго Демократиялық Республикасының халқына құт-береке тіледі.