Тоқаев: Әділетті Қазақстанды құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әділетті Қазақстанды құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Біз ұлт болып ұйысып, парламент дәстүрі барынша орныққан, президенттік республика құрамыз. Жаңа Қазақстанның түпкі мәні де – осы.
Ұлттың шынайы ұлылығы дегеніміз бұл – ең алдымен, оның азаматтары, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі және елдің өркендеуі үшін жасаған адал еңбегі. Осы ұлық мереке қарсаңында ерлігі мен еңбегін ел мойындаған бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы