Абай күні: Тоқаев ақынның мұрасын насихаттағандарды наградтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың ресми сайтында Президенттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысы жарияланды.
Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:
II дәрежелі "Достық" орденімен | ||
Америко Эдельсио | – | Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы |
Ганем Халед Ас-Саид | – | Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы |
Кибар Зафер | – | жазушы, Түркия Республикасы |
Кошут Леонард | – | әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы |
Манн Джейн | – | Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі |
Мәжит Ақбар | – | жазушы, Қытай Халық Республикасы |
Пряхин Георгий Владимирович | – | Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы |
Пуиг Мария Санчес | – | Мадридтегі "Комплутенсе" университетінің профессоры, Испания Корольдігі |
Хачатрян Шушан | – | Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы |
Хуанчжан Ха | – | аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы |
Шатқам Қажымұхамет | – | жазушы, Иран Ислам Республикасы. |
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы