«А» ЖШС-нің қызметкерлері жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін экскаватормен жерді қазып, топырақты көлік құралдарымен тасымалдаған. Алайда олардың Экологиялық кодекстің 12-бабына сәйкес тиісті рұқсаты болмағаны анықталды. Экология департаменті инспекторының 2 қыркүйектегі қорытындысы бойынша барлығы 56 тонна топырақ алынған. Прокуратураның ұсынуы бойынша уәкілетті органмен «А» ЖШС-гі ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген таратылған ақпаратта.
Қазіргі уақытта құқық бұзушымен 378 750 теңге айыппұл толығымен төленді және жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.