ТОП-50 резервшінің қатарына ендім - Шынасыл Ерназар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен президенттік кадрлық резерв жасақталғаны белгілі. 

Оған бірнеше этаптан тұратын конкурстан өткен 35 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметте кемі 5 жыл өтілі бар 300 азамат кірді. Солардың арасында "Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ бірінші вице-президенті Шынасыл Ерназар да бар.
Резервке жалпы конкурс бойынша өттім. Интернеттен хабарландыруды көріп, өтініш бердім. Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторға жаңа буынның өкілдерін жинап жатқанын түсіндім. Сондықтан қызығушылығым оянды. Құжаттарымды дайындап, тесттен өттім. Уайымдадық, қиын болды. Дегенмен, нәтижеме көңілім толды. Тест қорытындысы бойынша ТОП-50 қатарына қосылдым. Конкурс кешенді түрде ұйымдастырылған. Өте қызықты. Бұл жерде тек математикалық білім ғана емес, қалай жазатынын, қалай ойлайтынынды да тексереді. Топтарға бөлді. Әр топқа әр түрлі тапсырма берді. Оның ішінде стрестен қалай шығу керектігін, ондай сәтте өзіңді қалай ұстайсың барлығын көрсетесің, - дейді Шынасыл Ерназар.

Оның айтуынша, жеңімпаздар анықталып, тізім жасақталғанда, ұсыныс көп болған.

Қаңтар-ақпан айларында бірнеше ұсыныс түсті. Әкімшіліктің ішінде басқармалардың орынбасарынан төрағасына дейінгі қызметтердің бәрін ұсынды. БҚО, Қызылорда, Алматы, Қостанай облыстарының әкімдіктеріне шақырды. Одан бөлек, министрліктер мен квазимемлекеттік секторлардан хабарласты. Жалпы, алғашында ұсыныс өте көп болды, - дейді резервші.

Ол бірақ өзі бұрыннан істеп жүрген "Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығындағы" жұмысын жалғастыруды дұрыс деп тапқан.

Бұл жерде мен 2013 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Университет бітірген соң осында келгенмін. Содан бері жүрмін. Бұл менің өз сферам. Кадрлық резервтен өткен соң, қызметім өсті. Бұрын вице-президент болсам, қазір бірінші вице-президетпін. Мемлекеттік сфераларға жеке секторлардан инвестиция тарту мәселесімен айналысамын. Былайша айтқанда, мемлекет пен бизнестің арасында дәнекер болу, - дейді Шынасыл Ерназар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы