8 Қараша 2026, 14:51 Фото: istockphoto.com

Төңкеріс жасамақ болды деп айыпталды: Иранда үш адам өлім жазасына кесілді

Сотталғандар Израильмен және АҚШ-пен байланысы бар, сондай-ақ қаңтардағы қарулы тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыпталған.

Иранның Кередж қаласында мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған жаппай наразылық акциясына қатысқан үш адам өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Tasnim агенттігі хабарлады.

Сонымен қатар олардың мүлкін тәркілеу рәсімі жүргізіліп жатыр.

Өлім жазасы Хасан Диобанде, Хамид Каземи және Реза Занганиге қатысты орындалды. Tasnim мәліметінше, Кередж революциялық соты оларды Израильмен, АҚШ-пен және дұшпандық топтармен ынтымақтасқан, сондай-ақ 8 және 9 қаңтардағы қарулы тәртіпсіздіктерге қатысқан деп таныған.

Тергеу нұсқасы бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде сотталғандар атыс қаруы мен суық қаруды, гранаталар мен жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді қолданған. Сондай-ақ оларға қоғамдық нысандарды өртеп, инфрақұрылымға зақым келтірді деген айып тағылған. Атап айтқанда, электр қосалқы станциясы бүлінгеннен кейін Кередждің бірнеше ауданы жарықсыз қалған.

Іс бойынша басқа фигуранттарға бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.