14 Сәуір 2025 2025, 08:07
Фото: pixabay
Тонга жағалауында 6,5 балдық жер сілкінісі болды
13 сәуір күні Тонга жағалауында қуаты 6,5 балға жеткен жер сілкінісі тіркелді.
13 сәуір күні Тонга жағалауында қуаты 6,5 балға жеткен жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 20:03-те (Мәскеу уақытымен 23:03) Нукуалофа қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 615 шақырым жерде орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 262 км тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қиратулар жайлы ресми ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, EMSC Папуа — Жаңа Гвинея жағалауында да 5,5 балдық жер сілкінісінің тіркелгенін хабарлаған еді. Оның эпицентрі астанадан оңтүстікке қарай 307 км жерде, ал тереңдігі 67 км болған.