Томск - Риддер бағытындағы жолаушылар пойызы жол апатына ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік апаты Алтай өлкесіндегі Безменово-Красный Боец өткелінде болған. Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлады.

17 қараша күні жеңіл көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, № 391 Томск - Риддер бағытындағы жолаушылар пойызы келе жатқанда бағдаршамның тыйым салу белгісіне қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Пойыз жүргізушісі шұғыл тежегішті басқанымен ара қашықтық тым жақын болғандықтан тоқтау мүмікн болмай, пойыз көлікпен соқтығысқан, - делінген "РТЖ" ААҚ таратқан хабарламада. 


Жол апаты кезінде зардап шеккендер болмаған. Теміржол инфрақұрылымы зақымданбаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы