Томиристің алқасы аукционға қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Томиристің алқасы XII қысқы қайырымдылық балының аукционына қойылады.
Бүгін 25 қарашада елордада 8 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында есігін айқара ашатын XII қысқы қайырымдылық балының баспасөз мәслихаты өтті.
2012 жылдан бастап "Болашақ" корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару және дарынды жастарды қолдау мақсатында жыл сайын Қысқы қайырымдылық балын өткізеді.
Бұл елорданың дәстүрлі түрде бизнес-элитаның, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын орасан зор мәдени шарасы. 7 жыл ішінде бал қорытындысы бойынша қор 400 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Түскен қаражатқа: бүкіл Қазақстан бойынша 43 инклюзивті кабинет ашылды, қазіргі таңда аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар 400-ге жуық бала мектепке баруға мүмкіндік алды; 445 жұмыс орны ашылды, 1 000-нан астам маман оқудан өтті; аз қамтылған отбасы балаларына және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға халықаралық зияткерлік және спорттық жарыстарға қатысу үшін 66 грант берілді, - делінген хабарламада.
Қайырымдылық қаражатын пайдалану ашықтығын сақтау мақсатында жыл сайын қордың www.bolashakcharity.kz сайтында қаржылық есептер жарияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бензинге салынатын акциз құны 10 теңгеге қымбаттайды
Өзгелердің жаңалығы