«Төмен бағамен көлік әперемін» деп елді алдаған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полицейлері тұрғынға «төмен бағамен көлік әперемін» деп уәде берген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті әйел адам арызданды. Оның айтуынша, танысы Ресей мемлекетінен Kia көлігін төмен бағада әкеліп беремін деп алдаған. 

Тұрғынның сеніміне кіріп, 1,3 миллион теңгеден астам ақшасын алған. Алайда танысы не көлік әкеліп бермеген, не ақшасын қайтармаған. 

Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Сарыағаш ауданының полицейлері тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты қолға түсіру, қылмысты ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Тексеру жұмыстары жасалып, полицейлер екі тәулік ішінде күдіктінің ізіне түскен. 

Осылайша, жедел уәкілдер күдіктіні Сарыағаш қаласынан ұстап, ПБ-ге жеткізді. Анықталғандай, күдікті ер адамның бұдан сотты болғаны белгілі болды. Оған қоса ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Ол өз кінәсін толық мойындады. 

Белгілі болғандай, күдікті ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бүгінде күдікті деп танылған ер азамат қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы