Том Круз Дональд Трамп табыстайтын сыйлықтан бас тартты
Голливуд актері Том Круз беделді Кеннеди орталығы сыйлығын табыстау рәсіміне шақыртуды қабылдамады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы лауреаттар қатарында рок-топ Kiss, бродвейлік актер Майкл Кроуфорд, кантри әншісі Джордж Стрейт, актер Сильвестр Сталлоне және әнші Глория Гейнор бар. Том Круз биылғы номинанттардың ішінде болғанымен, салтанатты кешке қатыспауға шешім қабылдады.
The Washington Post басылымының мәліметінше, Круздың бас тартуына актердің жұмыс кестесіндегі сәйкессіздіктер себеп болған.
АҚШ президенті Дональд Трамп 48-ші жыл сайынғы сыйлық иегерлерінің есімдерін жариялап, лауреаттардың қазіргі құрамын "ғажап" деп бағалады. Ол өз сөзінде мұндай марапатқа өзі де әрқашан ие болуды армандағанын, бірақ "неге екені белгісіз, ешқашан ол құрметке лайық деп танылмағанын" айтты.
Салтанатты шара биыл Вашингтондағы Кеннеди орталығының опера театрында өтеді. Трамп атап өткендей, ол кандидаттарды таңдауға тікелей қатысып, өзіне ұнамайтын тұлғаларды тізімнен алып тастаған.