Төлеутай Рахымбеков: Популизмге көп көңіл бөлмейміз

Бұл туралы «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін орталық аппаратымызда біздің партияның ұсынысымен сайланған 35 ауылдық округтар мен кенттер әкімдерінің кездесуі өтті. Соңғы жылдары партиямыз қарқынды жұмыс нәтижесін көрсетуде. Мысалы, 2021 жылы өткен Мәжіліс және бүкіл деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы қорытындысында 237 депутат санымен партия екінші орын алды. Айта кетейін, жалпы бізде 5 партия болса, соның үшеуі – Мәжілісте. Мәжілісте өкілдеріміз әлі жоқ. Соған қарамастан мәслихат депутаттарының саны бойынша екінші орындамыз. 2021 жылы 25 шілдеде ауылдық округтер мен кенттердің сайлауы басталды. Науқаннан соң 35 әкіміміз бар. Ал 2022 жылғы 20 қарашадағы Президент сайлауынан соң да біз екінші орынға табан тіредік, - деді партия төрағасының бірінші орынбасары «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Орталық аппаратында өткен мен кенттер әкімдерінің онлайн-кездесуінен соң берген сұхбатында.

Айтуынша, олар популизмге көңіл бөлмейді.

Біздің жұмысымыз оңтайлы, біз популизмге көп көңіл бөлмейміз. Алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға біз дайынбыз. Неге десеңіз, ұстанымымызға сәйкес, кез келген сайлауға дайындықты алдыңғы өткен сайлау өткен күннің ертеңінде бастаймыз. Осы жолғы сайлауға біз 2021 жылы 11 қаңтардан қолға алдық, - деді Төлеутай Рахымбеков. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда іргесінде орналасқан ауыл әкімі қаңғыбас иттер мәселесін көтерген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы