Кеше 2026, 23:56 Фото: facebook.com/toleutay.rakhimbekov.2025

Төлеутай Рахымбеков "Ауыл" партиясынан шықты

Қазіргі таңда Төлеутай Рахымбеков өз шешімімен «Ауыл» партиясындағы қызметін аяқтап, алдағы кәсіби және қоғамдық бағытын қайта қарастыруда.

Қазақстан Президенттігіне бұрынғы кандидат, экономист Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шығатынын мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлап, партия қатарынан кету туралы өтінішін 4 мамырда жолдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рахымбековтің айтуынша, оның қоғамдық-саяси қызметі 2015 жылдың қыркүйегінен бері «Ауыл» партиясымен тығыз байланысты болған.

Осы уақыт ішінде 7 жыл бойы партияның Президиумы мен Саяси кеңесінің мүшесі болдым, ал 5 жылдан астам уақыт партия төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқардым, – деп жазды ол.

Ол сондай-ақ партия тарапынан бірнеше сайлауға ұсынылғанын атап өтті. Атап айтқанда, 2019 жылғы Президент сайлауына, 2021 және 2023 жылдардағы Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде қатысқан.

Ұзақ ойланудан кейін Рахымбеков партияның барлық сайланбалы органдарынан және мүшелігінен шығу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Партияға және сенім артқан әріптестеріме алғысымды білдіремін, – деді ол.

Қазіргі таңда Төлеутай Рахымбеков өз шешімімен «Ауыл» партиясындағы қызметін аяқтап, алдағы кәсіби және қоғамдық бағытын қайта қарастыруда.

Айта кетейік, қазір ол ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының вице-президенті қызметін атқарады. Ол бұл лауазымға 2024 жылдың 31 мамырында сайланған.