Төлем қабілеті төмен халыққа баспана алудың жаңа мүмкіндігі пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтық инвесторларды тартпақ. Қаржылық институттың Қазақстан қор биржасында орналастыратын облигациялары келесі аптадан бастап саудаға түседі, деп хабарлады Almaty.tv.
Бағалы қағаздардың жылдық кірісі 9,5 - 10,5%-ды құрайды.
«Өнім желісін кеңейту мақсатында және алғашқы жарна ретінде баспананың 50% құнын жинау қиынға соғатын халық үшін осы облигацияларды орналастырып отырмыз. Және жыл соңына дейін оны «Әскери баспана» және «Өз үйім» бағдарламаларына жұмсау жоспарда бар», – деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», - деді банктің басқарма төрайымы Ләззат ИБРАГИМОВА.
Сонымен қатар, банк өкілдері «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға несие беру бағдарламасын дайындап жатқанын айтты.
«Бақытты отбасы» деп аталатын бұл бағдарлама банкке республикалық бюджеттен 50 млрд теңге түскеннен кейін іске қосылмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы