11 Қараша 2026, 03:30 Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Толассыз жауған жаңбыр Шымкентте әбігер туғызды: көшелерді су басып, жарық сөнді

Жаңбырдан кейін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын су басқан. Қала тұрғындары көшелерде жүріп-тұру кезінде қиындықтарға тап болған.

Шымкентте толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаланың бірнеше көшесін су басты. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Жаңбырдан кейін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын су басқан. Қала тұрғындары көшелерде жүріп-тұру кезінде қиындықтарға тап болған.

Шымкент әкімдігінің мәліметінше, көшелерде арнайы техника мен жұмыс бригадалары жұмылдырылған.

Қатты жауын-шашын кезінде кейбір аумақтарда жаңбыр суының уақытша жиналуы – табиғи құбылыс. Жауын-шашын түсуіне қарай коммуналдық қызметтер суды жедел сорып шығарады. Жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, проблемалық учаскелер шамамен әр 15 минут сайын қайта тексеріліп, қызмет көрсетіледі. Су жиналған жерлерді тазарту жұмыстарына қосымша күш пен арнайы техника тартылды, – деп хабарлады әкімдіктен.

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының мәліметінше, жаңбыр салдарынан Жайлау, Тұран-2, Қызылжар және Ақниет шағынаудандарында электр қуатын беру кезінде іркілістер болған.

Аталған аумақтарда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің апаттық-жөндеу және жедел көшпелі бригадалары жұмыс істеп жатыр. Мамандар электр желілері мен жабдықтарды тексеріп, ақауларды жою үшін қажетті шараларды қабылдауда. Барлық жұмыс жедел режимде жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді компания.