Токиодағы Олимпиада ауылында алғашқы коронавирус жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы Олимпиада ауылында тұрып жатқандар арасында алғашқы коронавирус жағдайы тіркелді. Бұл туралы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Айтуларынша, тесттен өткен кезде қауіпті індет шетелдіктің бірінен табылған. Құпиялықты сақтау үшін оның жеке тұлғасы аталмады. NHK телеарнасының мәліметінше, вирус анықталған азамат спортшы емес.

«Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Тосиро Мутоның айтуынша, күнделікті тесттен өту кезінде шетелдік құрама мүшесінен коронавирус анықталған. Қазіргі сәтте науқастың коронавирусқа қарсы вакцина салдырған, салдырмағаны туралы мәлімет жоқ. 

Айта кетсек, кеше Қазақстан спортшыларының алғашқы легі Токиоға аттанған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы