23 Тамыз 2026, 11:53 Фото: видеодан скриншот

Токиода шексіз суши ұсынатын автобус іске қосылады

70 минуттық сапар барысында жолаушылар сушиді қалағанынша жей алады.

2026 жылғы 10 қазаннан бастап Токиода сушиді шектеусіз ұсынатын екі қабатты Sushi Bus іске қосылады.

Автобустың бірінші қабатында асүй орналасады. Аспаздар сушиді сапар барысында дайындайды. Дайын тағамдар арнайы лифт арқылы екінші қабатқа көтеріліп, жолаушылар орындарының бойымен жүретін айналмалы конвейерге қойылады.

Автобус 20 адамға арналған. Ол Tokyo Station-нан жолға шығып, Токионың туристік аудандары арқылы жүреді. Сапар 70 минутқа созылады және осы уақыт ішінде жолаушылар сушиді қалағанынша жей алады. Билет құны – 16 мың жапон иенасы немесе шамамен 46 мың теңге.

Егер бұл формат танымал болса, мұндай автобустар Осака мен Киотода да іске қосылады, – деді ұйымдастырушылар.