Токиода аптап ыстыққа байланысты мемлекеттік қызметкерлерге шолақ шалбар киюге рұқсат берілді
Билік өкілдері сондай-ақ икемді жұмыс кестесін енгізуді, қашықтан жұмыс істеуді және кеңселерде қолайлы температураны сақтауды ұсынады. Өткен жылғы рекордтық ыстықтан кейін Жапония биыл да ауа температурасының ерекше жоғары болуына дайындалып жатыр.
Токио үкіметі Tokyo Cool Biz бағдарламасын кеңейтіп, мемлекеттік қызметкерлерге жұмысқа шолақ шалбар, футболка және кроссовка киіп келуге рұқсат берді.
Бұл – әдетте қатаң іскерлік киім үлгісін ұстанатын Жапония мемлекеттік қызметкерлері үшін тосын жаңалық. Бастаманың мақсаты – аптап ыстық кезінде қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартып, электр энергиясын тұтынуды азайту.
Билік өкілдері сондай-ақ икемді жұмыс кестесін енгізуді, қашықтан жұмыс істеуді және кеңселерде қолайлы температураны сақтауды ұсынады. Өткен жылғы рекордтық ыстықтан кейін Жапония биыл да ауа температурасының ерекше жоғары болуына дайындалып жатыр.
Мемлекеттік қызметкер Тору Суда бастапқыда мұндай киім үлгісі оған тосын көрінгенін айтады.
Алғашында мұндай киіммен жұмысқа келу біртүрлі көрінді, оған үйрене алмадым. Бірақ бірнеше рет кигеннен кейін біртіндеп үйреніп кеттім. Оның үстіне, айналамдағы әріптестерім де осылай киіне бастаған соң, ыңғайсыздық сезімі бірте-бірте жоғалды, – деді ол.