Токио Ресейге санкцияларды күшейтіп, Украинаны қолдауды күшейтеді

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно Токио Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекет G7 төрағасы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Мәскеуге санкциялық қысымды күшейту үшін халықаралық қауымдастықпен әрекеттерді үйлестіруді жоспарлап отыр.

Ол сондай-ақ Токио Киевке қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Үлкен жетіліктің төрағасы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде халықаралық тәртіпті сақтау үшін Жапония халықаралық қоғамдастықпен, ең алдымен, G7-мен тығыз ынтымақтастықта Ресейге қарсы қатаң санкцияларды күшейтуді және қолдауды жалғастырады, - деп жазажы ТАСС.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы