Токио Паралимпиадасында 13 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Паралимпиадасында 13 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды, деп жазды 
«Хабар24».

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, жұқтырғандардың барлығы Паралимпиадалық ауылдың сыртында тұрған. 

Вирус жұқтырғандардың арасында 2 еріктілер мен ойындарға қатысы бар 11 адам бар. Барлығы карантинге алынған. 

Паралимпиада басталғалы бері оң сынақтардың жалпы саны 275 -ке жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы