Токио ойындарындағы отандық балуандардың қарсыластары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Токио бозкілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады.
Olympic.kz қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластарын ұсынады.
Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі.
Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.
Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та екі пойыз соқтығысып қалды
Өзгелердің жаңалығы