Токио Олимпиадасында жеңіске жеткен спортшылар қанша сыйақы алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай төлем сомасын айтты.
2020 жылы жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйақы төлеу ережелері қабылданды. Осы құжатқа сәйкес, бірінші орын үшін спортшы мен оның жаттықтырушысына 250 мың доллар төленеді. Мұнда 10%-ы спортшының бірінші жаттықтырушысына, 80%-ы спортшы мен жеке жаттықтырушыға, тағы 10%-ы нақты спорт түрі бойынша команданың бас жаттықтырушысына беріледі, - деді министр.
Оның айтуынша, екінші орын үшін спортшылар 150 мың доллар, ал үшінші орын үшін 75 мың доллар алады.
Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінде қазақстандық спортшылардың Токиодағы ойындардағы мүмкіндіктері туралы айтылған еді.
Айта кетейік, Олимпиада 23 шілдеде басталады, жабылу салтанаты 8 тамызда болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында жанармай цистернасынан шыққан өрт сөндірілді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы