Токио Олимпиадасына қатысатын боксшылар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы олимпиада ойындарында Қазақстан атынан бокс бөлімі бойынша тоғыз қазақстандық ел намысын қорғайды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Олимпиадаға баратын боксшылар тізімі:
- Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)
- Серік Теміржанов (57 келіге дейін)
- Зәкір Сафиуллин (63 келіге дейін)
- Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)
- Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін)
- Бекзад Нұрдаулетов (81 келіге дейін)
- Василий Левит (91 келіге дейін)
- Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)
- Надежда Рябец (75 келіге дейін)
Токио – 2020 ойындарында бокстан сайыс 24 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда ойыншық тапаншамен елді қорқытқан әйел жауапқа тартылды
Өзгелердің жаңалығы