Токио Олимпиадасы кейінге қалдырылды – БАҚ
Алматы, BAQ.KZ. Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі Дик Паунд америкалық USA Today басылымына берген сұхбатында айтқан.
Қолда бар ақпаратқа байланысты Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды. Нақты уақыт белгісіз. Бірақ 24 шілдеде Олимпиаданың басталмайтыны айдан анық, - делінген басылымда.Халықаралық олимпиада комитеті бұл мәлімдемені жеке адамның пікірі екенін айтып, нақты шешім алдағы төрт аптада қабылданады деп отыр. Бүгінде Токиода жоспарланған Олипиада ойындарына вирустың дендеуіне байланысты Канада және Австралия құрамалары қатысудан бас тартып үлгерді. Норвегия мен Бразилия елдері болса комитетке Олимпиаданы кейінге қалдыру туралы өтініш жолдады.
Айта кетейік, Токиодағы жазғы олимпиада 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Елордада тағы бір адам тіркелді
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы