Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Халықаралық Олимпиада комитеті қазір Дүниежүзіліс денсаулық сақтау ұйымымен тығыз байланыста. ХОК басшылары дәрігерлермен коронавирусқа қатысты ақылдасып жатыр.

Daily Mail мәліметі бойынша, Олимпиадада фанаттардың болмауы ХОК-тың телекомпаниялармен бірнеше миллион көлемінде келісімшартқа отырауына көмектеседі. ХОК Жазғы ойындарды басқа қалаға ауыстырғаннан не оны мүлде өткізбей қойғаннан көрі сайысты тікелей трансляцияда көрсетуді жөн санап отыр.

Айта кетейік, ақпанның аяғындағы дерек бойынша, Жапонияда 862 адам коронавирус жұқтырған. Ал Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы