Токио Олимпиадасы: 31 шілдеде кімдер жарысқа шығады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілдеде қазақстандықтар Токио Олимпиадасында төрт түрлі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Olympic.kz.
31 шілдеде теннисші Елена Рыбакина қола медаль үшін матч өткізеді. Сонымен қатар, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда рингке шығады.
31 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):
Су добы. Ерлер. Топтық кезең
7:00. Қазақстан – Черногория
Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/8 финал
7:35. Ильфат Абдуллин – Ли Цзялунь (Қытай)
Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Қола медаль үшін матч
13:30. Елена Рыбакина – Элина Свитолина (Украина)
Бокс. Ерлер, 1/8 финал
14:48. 52 келі. Сәкен Бибосынов – Билал Беннам (Франция)
15:36. 63 келі. Зәкір Сафиуллин – Дайсуке Нариматсу (Жапония).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы