Токио әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды

Токиодағы Ханеда әуежайы қазір қалыпты режимді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенбі күні әуежайда маневр жасау кезінде екі ұшақ соқтығысқан.

NHK телеарнасының мәліметінше, Thai Airways компаниясы мен тайваньдық Eva Airways компаниясының ұшақтары соқтығысқан. Олардың бірі Бангкокке, екіншісі Тайбэйге ұшуы тиіс болған. Олардың ішінде 460 жолаушы болды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Телеарна түсірген кадрларда әуе лайнерлерінің қанаттары зақымданғанын байқауға болады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Thai Airways ұшағының қанаты өтіп бара жатып орнында тұрған екінші лайнерге тиіп кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы