Токио-2020: Жансель Дениз британиялық қарсыласына есе жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына шыққан таеквондошы Жансель (Жансәуле) Дениз екінші айқасын өткізді. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.

Екінші айналымда британиялық Бианка Уолкденге қарсы жекпе-жек өткізіп, үш раундта да қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, 67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен ол бірінші кездесуінде өзбекстандық спортшыға қарсы өткізді. Екеуара кездесу 10:9 есебімен Жансельдің еншісіне шешілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы