25 Шілде 2021 2021, 11:01
Токио-2020: Руслан Курбанов семсерлесуден алғашқы айналымда жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні жалғасуда.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні жалғасуда.
Olympic.kz-тің хабарлауынша, бүгін шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов алғашқы айналымда жеңіске жетті.
Курбанов бірінші айналымда италиялық Марко Фихерамен кездесіп, қарсыласын 15-7 есебімен ұтты.
Русланның келесі айналымдағы қарсыласы Масаду Ямада (Жапония) - Роман Петров (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы болмақ.