Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлады Olympic.kz.
Велошабандоздар додасында Эквадор өкілі Ричард Карапас жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 234 шақырымды 6:05.26 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен.
Күміс жүлдені бельгиялық Ван Арт Ваут, қоланы словениялық Тадей Погачар иеленді.
Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижесін Алексей Луценко тіркеді. Ол жеңімпаздан 6 минут 21 секундқа артта қалып, 21-ші орын иеленді.
Дмитрий Груздев пен Вадим Пронский жарыс жолынан шығып қалды.