Токио-2020: Қазақстандық пара таеквондошылар тағы 2 жолдама жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық пара таеквондошылар Токио-2020 ойындарына тағы 2 жолдама жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қуанышты хабар Иордания астанасында өтіп жатқан Азия квалификациялық жарысынан келіп жетті. Ол жерде қазақстандық паралимпиадашылар Нышан Өмірәлі ерлер арасында 75 келіде және Камила Ақылбай әйелдер арасында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болды. Әдеттегі жарыстарда К-43 санатында өнер көрсетіп жүрген қос спортшымыз да Токиода паралимпиада ойындарының ережелеріне сай К-44 санатында бақ сынамақ, - делінген хабарламада.


Еске сала кетсек, былтырғы жылдың қаңтар айында паралимпиадашылар арасында ең алғашқы болып жолдамаға ие болған пара таеквондошы Нұрлан Домбаев болған еді. Жалпы есепте Токиода 3 пара таеквондошымыз бақ сынамақ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы