Токио-2020: Ертең қай спортшылар өнер көрсетеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 шілде күні Токио Олимпиадасында бірнеше отандасымыз жарыс жолына шығады, деп хабарлайды ЭК.
Дзюдо.
Ерлер, 81 келі. 1/16 финал. 08:00. Дидар Хамза — Саид Моллаеи (Моңғолия)
Дзюдодан Олимпиаданың төртінші жарыс күні өтеді. Қазақстан атынан 81 келіде түркістандық Дидар Хамза бақ сынайды. Оның алғашқы қарсыласы — әлем чемпионы Моңғолия атынан қатысатын Саид Моллаеи.
Таэквондо.
Әйелдер, 67 келі. 08:00. Жансель Дениз — Светлана Осипова (Өзбекстан)
Таэквондо.
Ерлер, 80 келі. 09:45. Руслан Жапаров — Александр Бахманн (Германия).
Ерлерден Руслан Жапаров германиялық Александр Бахманмен келесі кезеңнің жолдамасын сарапқа салады.
Теннис.
Әйелдер. Жекелей сын, 1/8 финал. 11:00. Елена Рыбакина — Донна Векич (Хорватия)
Теннис.
Ерлер. Жекелей сын, 1/16 финал. 09:30. Михаил Кукушкин — Илья Ивашко (Беларусь).
Теннистен Қазақстан екі спортшымыз бақ сынайды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық Донна Векичпен жолығады. Қарсыласы бүгін басты фавориттердің бірі саналған беларусь қызы Соболенконы жеңіп кетті. Ал ерлер арасында Михаил Кукушкин беларусь теннисшісі Илья Ивашкомен шеберлік байқасады.
Садақ ату.
Ерлер, жекелей сын, 1/32 финал. 09:00. Денис Ганькин — Юсуф Тольба (Мысыр)
Одан бөлек, садақ атудан ерлер арасында жекелей сында Денис Ганькин өнер көрсетеді.
Су добы.
Ерлер 11:00. Қазақстан — Сербия.
Ал су добынан ерлер құрамасы В тобында Сербиямен кездеседі. Жексенбі күні Қазақстан құрамасы Хорватиядан 7:23 есебімен жеңілген болатын.
Бокс.
Ерлер. 1/8 финал. 14:15. 69 келі. Абылайхан Жүсіпов — Деланте Джонсон (АҚШ) 15:51. 91 келі. Василий Левит — Эммануэль Рейес (Испания)
Боксшылардан ертең тағы екеуі рингке шығады. 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов АҚШ боксшы Деланте Джонсонмен ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. Сол секілді, 91 келідегі Василий Левит те Пиреней түбегінен келген Эммануэль Рейеспен кездеседі.
Жүзу.
Ерлер. 200 метр. Брасс 16:50. Дмитрий Баландин.
Ал Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында топ жарған 200 метрге брасс жүзу сайысында іріктеу кезеңін бастайды.