3 Тамыз 2021 2021, 14:55
Токио-2020: Еркін күрестен Нұрислам Санаевтың қарсыласы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Токио Олимпиадасында еркін күрес шеберлерінің бәсекесі басталады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Токио Олимпиадасында еркін күрес шеберлерінің бәсекесі басталады.
Қазақстан атынан кілемге алғаш болып Нұрислам Санаев шығады, деп хабарлады Olympic.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрислам Санаевтың алғашқы қарсыласы - Гвинея және Бисау балуаны Диамантино Иуна Фафе.
Белдесулер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады.