Токио-2020: Елдос Сметов жартылай финалда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

60 келі салмақта сынға түсетін Сметов ширек финалда Оңтүстік Корея намысын қорғаған Ким Вон Джунмен кездескен болатын.

Белдесу барысында Елдос алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын еншілеп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады, - делінген хабарламада.

Енді Елдос Олимпиаданың жартылай финалында белдеседі. Оның қарсыласы - жапондық Наохиса Такато.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы