Токио-2020: Елдос Сметов Олимпиаданың ширек финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасындағы дзюдошылар додасын қазақстандық Елдос Сметов те бастады. Ол екінші айналымда түркиялық балуанды мерзімінен бұрын ұтты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Елдос Олимпиада ойындарын екінші кезеңнен бастады. Қарсыласы - түркиялық Аққұс Михраж болатын. 

Аталған белдесуді Сметов мерзімінен бұрын аяқтап, «иппон» ұпайын еншіледі. 

Елдостың ендігі қарсыласы - бразилиялық Эрик Такабатике мен Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Жун жұбының жеңімпазы болмақ. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы