Токио-2020. Бізден жеңісті тартып алды – бас бапкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үшін Токио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды.
Бүгін ел сапынан соңғы болып сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы айналымда германиялық қарсыласынан ұтылды. Белдесу аяқталғаннан кейін бас бапкер Бақтияр Байсейітов Olympic.kz сайтына төрешілер шешімімен келіспейтінін жеткізді.
Төрешілер тарапынан бағалау дұрыс болған жоқ. Өздеріңіз көргендей, әдіс жасалды. Тіктұрып жартылай әдіс жасап лақтырды. Ереже бойынша толық жасалмаған әдіске екі ұпай берілуі керек. Олар, төрешілер мұны есептеген жоқ. Мен төрешілер шешіміне шағым түсіргенде (челлендж) белдесуді қайта қарап, шешімді өзгертпеді. Әдетте шағым қанағаттандырылмаса қарсыласқа бір ұпай беріледі. Бас төреші, төрешілер координаторының ұлты - неміс. Осы жерден өздеріңіз қорытынды жасай беріңіздер болады. Бұл жерде бізден жеңісті тартып алды деп есептеймін», - дейді бас бапкер Бақтияр Байсейітов.
Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Тұрсынов Токио бозкілемін 87 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Екеуара кезесу 4:1 есебімен германиялық Денис Кудланың еншісіне шешілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұғалімдерге арналған тегін цифрлық курстар басталды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы