Токио-2020: Жарыстан соң бапкерлерге «неге бұлай болды» деген сұрақ қоямыз – Серік Сәпиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн кездесуде Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты.
Оның айтуынша, дәл қазіргі сәтте олимпиадашыларға халықтың қолдауы маңызды.
Олимпиада жарыстары әлі біткен жоқ. Біздің спортшыларымыз үшін де соңы емес. Сол себепті жанкүйерлерден сұрайтыным, спортшыларымызды қолдауды тоқтатпау керек. Асығыс болжам мен қорытынды шығармауымыз керек. Жарыс жолына шықпаған спортшыларымыз да бар. Тағы да қайталаймын, қазақстандықтар қатысушыларға қолдауды үдете түскені дұрыс, - деді ол.
Ол Токио Олимпиадасынан кейін жеңіссіз оралған спортшыларға қандай шаралар қолданылатынын айтты.
Әр Олимпиада ойындарынан кейін Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл жарыстан соң спортшыларға және бапкерлерге сұрақтар қойылады. Сол кезде неге бұлай болды деген сұраққа жауап аламыз. Егер де ашық қателіктер мен нәтиже көрсетпесе, шешім шығаратын боламыз. Онымен қоса Олимпиада ойындарынан біткен соң сіздерге міндетті түрде қорытындыны жариялаймыз, - деді Серік Сәпиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы