Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарын ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz. 97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалдық жолдаманы түркиялық Сулейман Караденизбен сарапқа салды. Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешіліп, Әлішер Ерғали ұтылып қалды.