12 Қазан 2021 2021, 16:44
Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды, - деп жазды ол.