Тоқаевтың тапсырмасы: Болашақ педагогтерге қойылатын талап күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңес алаңында айтқан тапсырмаларының тағы бір парасы іске асқанын жазды.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында педагог мамандығына оқитын студенттердің шәкіртақысын көтеру туралы тапсырма берілгенін еске салды.
Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру қажет. Мамандықтың беделін биіктету мақсатында болашақ ұстаздардың шәкіртақысын 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру керек, – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.Жазбада педагог мәртебесін көтеру бағытында атқарылған өзге де игі істер туралы мәлімет берілген. Атап айтсақ, педагогикалық бағыт бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 60-тан 70-ке көтерілгені, шәкіртақыны арттыру үшін 2020-2023 жылдарға республикалық бюджеттен 17,6 млрд теңге бөлінгені, докторанттардың шәкіртақысы 104 498 теңгеден 150 мың теңгеге артқаны нақты көрсетілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда тағы да атыс болды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы