Тоқаевтың Nur Otan партиясына жетекшілік етуі тұрақтылықтың кепілі – Шаукенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясы төрағасы өкілеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруіне қатысты пікір білдірді.

2007 жылы өткен парламенттік сайлауда Nur Otan партиясы ерекше жеңіске жетті. Сол кезде сайлауға бірқатар саяси артықшылықпен келді, оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей төрағалығы болды. Елбасының партияны басқару туралы шешімі Nur Otan рейтингін 20-25% аралығында жоғарылатты. Мысал ретінде 2007 жылдың наурыз айынан бастап Тұңғыш Президент әлі партия төрағасы болмаған кездегі сауалнамалардың мәліметтерін еске алуға болады, - деді Шаукенова.

Зарема Шаукенова 2007 жылдың наурыз айында Nur Otan-ға дауыс беруге дайын респонденттердің саны 60,3% құрағанын айтты.

Шілде айының бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланған партияның кезектен тыс съезінен кейін бірден жүргізілген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 66,3 пайызы партияға дауыс беруге дайын болған. Тамыздың екінші жартысында бұл рейтинг 72,4%-ға көтерілді. Сайлау күні жақындаған сайын Nur Otan рейтингі тұрақты өсті. 2007 жылғы сайлауда партия рейтингінің ең жоғары сайлауалды социологиялық болжамы 77–80% болды, - деді ол.

Шаукенованың айтуынша, бүгінгі таңда Nur Otan партиясы Қазақстандағы ең ірі партия болып есептеледі.

Бұл ретте партия мүшелерінің саны өңірлер бойынша теңгерілген. Партияның барлық дерлік аудандар мен ірі елді мекендерде филиалдары, өкілдіктері, бастауыш партия ұйымдары өте қуатты және салалы құрылымы бар. NurOtan партиясы сайлаушылардың білікті көпшілігінің қолдауына сүйенеді. Партия сыртқы ресурсты белсенді дамытып, Жапонияның Либералдық-демократиялық партиясымен, Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясымен, «Единая Россия» партиясымен, Швецияның социал-демократиялық партиясымен, Сингапурдың Халықтық әрекет партиясымен байланыстар орнаттты, - деді ол.

Шаукенованың айтуынша, Nur Otan партиясы ішкі партиялық өмірді демократиялық негізде құруға ұмтылады.

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды іріктеу үшін партия Праймериз өткізді. Nur Otan басым партияның орнын мықтап басып алды. Партия сайлауалды жұмыстарды жұмылдыру үшін қомақты ресурстарды шоғырландырды. 2016 және 2021 жылдардағы Парламент сайлауында, Тәуелсіздігіміздің 25 және 30 жылдығында халық Nur Otan  партиясының саяси басшылығын қайта-қайта сеніп тапсырды, - деді Зарема Шаукенова.

Директор айтқандай, партияны көп жыл бойы Елбасы басқарып отырғаны Nur Otan-ға оң әсер етіп, оның қуатты саяси капиталын нығайтты.

Сондықтан да партияны құрудың бастауында тұрған және осы жылдар бойы оны басқарған Назарбаев партияның саяси кеңесінің отырысында Nur Otan-ды оның саяси және стратегиялық бағыттарын айқындайтын бас көшбасшысы Президент басқарғанын маңызды деп санайтынын айтты. Міне, осылай болған соң, Елбасы партиядағы әріптестеріне мұның партияның ішкі бірлігін растайтын қажетті қадам екенін, соны жасау керектігін нанымды дәлелдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Nur Otan партиясына жетекшілік етуі – сабақтастықтың іргетасы және тұрақтылықтың кепілі, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы