24 Маусым 2019, 18:13
Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысына соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына халықтың сенімін арттыруға бағытталған 16 заң жобасы әзірленгені туралы баяндалды.
Сонымен қатар, саланы білікті кадрлармен толықтыру үшін жүргізілген жұмыстар жайы да айтылды. Жоғарғы Сот төрағасының айтуынша, биыл енгізілген жүйе бойынша судьялардың ішінде кездейсоқ мамандар болмайды. Алдағы 2,5 жылдың ішінде сот жүйесі лайық емес кадрлардан толық тазартылады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жақында бекітілген сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарында көрсетілген сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру және сот жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
- Ақтөбелік әйелдің TikTok-тағы видеосы дауға қалды: Сот шешімі шықты 15:19
- Несие алатындар үшін маңызды өзгерістер: Тоқаевқа қаржы нарығы бойынша есеп берілді 15:04
- Бес метр биіктіктен құлаған: Науқастың бас сүйегінің бір бөлігіне 3D-протез салынды 15:03
- Ауыл шаруашылығы дақылдарынан 6,3 млн тоннадан астам өнім жиналды 14:45
- Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй аукционға шығарылды 14:33
- Елімізде 13,5 млн тонна астық бастырылды 14:25
- Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды 14:10