Тоқаев жастарға Әлихан Бөкейханның сөзін мысалға келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервіне өткен 300 жаспен кездескен болатын.

Мемлекет басшысы жиында қазақтың тұңғыш премьер-министрі саналатын, "Алашорда" үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның қанатты тіркеске айналып кеткен сөзін мысалға келтірді.


Бүгінгі кездесуге қатысушылар арқылы елімізде патриоттардың жаңа буыны қалыптасады деп сенемін. Сіздер егемен еліміздің жастарына ұлтжандылықтың, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Кезінде Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхан: "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес мінезден" деген болатын. Бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, уақыт өткен сайын мән-маңызы арта түсетін қанатты сөз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бұған дейін бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервіне өткендермен кездесті хабарлағанбыз. Президент қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болатынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы