Тоқаев «Жастардың әлеуметтік қызметтері» деген ұғымды заң жүзінде рәсімдеу керектігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуы барысында айтты.
Азаматтық қоғам өкілдерінің белсендігін арттыру қажет. Жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау керек. Өздеріңіз білесіздер, жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы тиісті заңға қол қойдым. Сол арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттігін едәуір күшейтіп, енді азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалады. Бұл - талқыланып жатқан «Қоғамдық бақылау туралы» заң. Біз онлайн петиция институтында заң жүзінде рәсімдеуіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев бұл бастамалардың мақсаты мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру мен шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту екенін айтты.
Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру негізгі міндеттің бірі. Үкімет 2020 жылы жастарды қолдау жөнінде кешенді жоспар қабылдады. Тәуелсіздік ұрпақтары атты ұлттық жоба мемлекеттік жастар саясаты және волонтерлік бойынша заңдар дайындалып жатыр. Депутаттар «Жастардың әлеуметтік қызметтері» деген ұғымды заң жүзінде рәсімдеуі керек. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, Қазақстанда жастардың даму индексін енгізген жөн. Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыру жұмыстары соның негізінде бағаланады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Медициналық көмектің сапасын жақсарту мәселесі талқыланды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы