Тоқаев жаңа жылдан бастап жаңа форматта енгізілетін қызмет түрін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім беру үшін бөлінетін қаржы екі есеге ұлғайды. Қазір бір балаға 730 мың теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бір ай бұрын 6 аймақта мүгедектік мәртебесін беру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырыла бастады. Ол азаматтар арасында сұранысқа ие. Жаңа жылдан бастап жаңа форматта барлық аймақ бойынша енгізіледі, - деді ол.

Мемлекет басшысы полиция мен қылмыстық-атқару мекемелерінде жаппай бейнебақылау енгізуді де мысалға алды.

Бұл жұмыс толық 2023 жылдың соңында аяқталады. Алайда жыл соңына дейін полицияның барлық бөлімі камерамен қамтамасыз етіледі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы