Тоқаев: Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 пайызға қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз, – деді Президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19 кезінде азитромицинді пайдаланған дұрыс па?
Өзгелердің жаңалығы