Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14:10-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Видеоконференция режимінде өтетін іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысады деп жоспарланған. Жиын барысында Мемлекеттер басшылары ТМД және ұйымды одан әрі дамыту тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, ТМД елдері Парламентаралық ынтымақтастықты арттыру және нығайту жайында пікір алмасады, - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы