Тоқаев Шепельдің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепельдің дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Владимир Шепель үлкен кәсіби жолдан өтіп, жауапты қызмет атқарған жылдары лайықты құрметке ие болды. Ол өз өмірін Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет етуге арнады. Оның еңбегі мемлекеттік наградалармен және медальдармен өз бағасын алды. Владимир Николаевичтің есімі туыстары мен жақындарының, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген көңіл айту жеделхатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы