Тоқаев: Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау жəне экономикалық, əлеуметтік жəне саяси реформаларды тереңдету мақсатында Қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген Тоқаевтың Жарлығында.
Еске салсақ, бүгін Президенттің коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізетіні белгілі болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы